Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

10:39 13.4.2020

Денсаулық сақтау министрлігі 13 наурыз, таңертеңгі сағат 11:00-де жариялаған мәліметінде Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған тағы 11 адам тiркелгенін хабарлады.

Қазақстанда жалпы науқастар 972 адамға жетті:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 253 адам
  • Алматы қаласы - 172 адам
  • Қарағанды облысы - 76 адам
  • Ақмола облысы - 71 адам
  • Атырау облысы - 59 адам
  • Жамбыл облысы - 46 адам
  • Шымкент қаласы - 38 адам
  • Шығыс Қазақстан облысы - 6 адам
  • Алматы облысы - 21 адам
  • Ақтөбе облысы - 11 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 25 адам
  • Павлодар облысы - 10 адам
  • Маңғыстау облысы - 10 адам
  • Қызылорда облысы - 119 адам
  • Батыс Қазақстан облысы - 9 адам
  • Түркістан облысы - 43 адам
  • Қостанай облысы - 3 адам.

99 науқас дерттен жазылып, 10 адам қайтыс болған.

Жедел жәрдем көлігі.
Жедел жәрдем көлігі.

11:25 13.4.2020

Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған науқас қайтыс болды. Бұл туралы 13 сәуір күні Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ресми ақпаратта марқұмның 1979 жылы дүниеге келгені ғана айтылған. Осылайша Қазақстанда COVID-19 вирусынан қайтыс болғандар 11 адамға жетті:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1
  • Алматы қаласы - 2
  • Шымкент қаласы - 1
  • Ақмола облысы - 3
  • Шығыс Қазақстан облысы - 1
  • Қарағанды облысы - 1
  • Павлодар облысы - 1
  • Түркістан облысы - 1

Елде алғашқы науқастар осыдан тура бір ай бұрын тіркелген еді, қазір 973 адамға жеткен. 110 азамат дерттен жазылған.

Жедел жәрдем көлігі. Көрнекі сурет.
Жедел жәрдем көлігі. Көрнекі сурет.

12:30 13.4.2020

13 сәуірде Батыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы Орал қаласында коронавирус жұқтырған тоғызыншы науқас тіркелді. Провизорлық стационарда медбике болып істейтін ол дертті жұмыста науқастан жұқтырған болуы мүмкін деген болжам бар. Медбикеден тек екінші рет анализ алынғаннан кейін ғана COVID-19 жұқтырғаны анықталған.

- Науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, жағдайы қанағаттанарлық. Ол тұратын пәтерге, үй подьезі мен маңайындағы аумаққа эпидемиологиялық жұмыстар жүргізілді. Науқас істеген провизорлық орталық пен подьез карантинге жабылды, - деді тауарлар мен қызмет сапасын бақылау басқармасының жетекшісі Мұқамғали Арыспаев.

Мамандар медбике жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін орындамай, соның салдарынан вирус жұқтырған болуы мүмкін дейді.

- Одан 9 сәуірде алынған алғашқы анализ қорытындысы ештеңе көрсетпеген. екі күннен кейін, 12 сәуірде алынған анализден кейін вирус жұқтырғаны анықталды, - деді Арысспаев дүйсенбідегі брифингте.

Науқаспен байланыста болған барлық жеті адамнан анализ алынған. Арыспаевтың сөзінше, алтауынан вирус табылмаған, біреуінікі әлі толық дайын болған жоқ.

13 сәуірдегі мәлімет бойынша, Батыс Қазақстан облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында COVID-19 вирусын жұқтырған сегіз адам жатыр. Провизорлық орталықта 62 адам, карантин орталығында - 75 азамат бар. Ал 1403 адам үйінде карантинде жатыр. 29 наурызда коронавирус жұқтырғаны анықталған бір науқас жазылып шыққан, енді ол екі апта үйінде карантинде болады.

Орал қаласы, Батыс Қазақстан облысы, 21 наурыз 2020 жыл.
Орал қаласы, Батыс Қазақстан облысы, 21 наурыз 2020 жыл.

14:32 13.4.2020

Коронавирустан ШҚО-да қайтыс болған науқас жайлы не белгілі?

13 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында 49 жастағы әйел адам коронавирустан көз жұмды. ШҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, әйел адам 12 сәуірде ауыр жағдайда провизор стационарына жеткізіліп, интенсивті терапия палатасына жатқызылып, жасанды демалу аппаратына қосылған. Науқаста COVID-19 дертінен бөлек, "екіжақты пневмония, плеврит және алкогольдан уланғаны" анықталған.

"Түнде екі рет жүрегі тоқтап, дәрігерлер жүрек соғысын қалпына келтірді. Бірақ үшінші рет тоқтағанда ем-дом шараларынан нәтиже шықпады" деді ШҚО денсаулық сақтау басқармасының бастысы Ілияс Мұқамеджан.

Қазір ШҚО облысында қайтыс болған марқұммен байланыста болған 13 адам оқшауланған.

Тағы

XS
SM
MD
LG