Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

22:37 12.4.2020

Коронавирус жұққан тағы 24 науқас анықталды

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 12 сәуір түнгі сағат 23:30-да 24 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Алматы қаласында - 5, Алматы облысында - 9, Қызылорда облысында - 1, Түркістан облысында - 7, Нұр-Сұлтан қаласында 2 адамға вирус жұққан.

Қазақстанда жалпы науқастар 951 адамға жетті:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 251
  • Алматы қаласы – 165
  • Қызылорда облысы – 118
  • Ақмола облысы – 71
  • Қарағанды облысы – 65
  • Түркістан облысы – 43
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 25
  • Ақтөбе облысы – 11
  • Алматы облысы – 21
  • Атырау облысы – 45
  • Шығыс Қазақстан облысы – 6
  • Жамбыл облысы – 46
  • Шымкент қаласы – 38
  • Батыс Қазақстан облысы – 9
  • Қостанай облысы – 3
  • Маңғыстау облысы – 10
  • Павлодар облысы – 10

10 науқас қайтыс болған. Барлығы 99 адам айыққан.

08:53 13.4.2020

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында бірнеше тұрғынның коронавирус жұқтырғаны анықталған соң, олар тұрып жатқан төрт ауыл (бұрынғы саяжайлар) - Алтын адам, Көксай, Алтын алма және Береке карантинге жабылды.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, COVID-19 диагнозы қойылған 11-науқаспен байланыста болған азаматтар ауруханаға жатқызылған болатын. Анализ қорытындысы 9 адамның вирус жұқтырғанын анықтаған.

Еңбекшіқазақ ауданы бас санитар дəрігерінің қаулысымен карантинге жабылған төрт ауылдың тұрғындарының тізімі жасалып, олар азық-түлік жəне қызмет түрлерімен қамтамасыз етіледі деп хабарлайды облыстық штаб.

Алматы қаласына кіреберіс жолда тұрған арнаулы киім киген адамдар.
Алматы қаласына кіреберіс жолда тұрған арнаулы киім киген адамдар.

09:08 13.4.2020

Сәуірдің 13-іне Қазақстанда тағы он адамнан коронавирус анықталғаны туралы ақпарат тарады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде Алматыда - жеті, Нұр-Сұлтанда - екі және Қызылорда облысында бір адамның вирус жұқтырғаны айтылған.

Қазақстанда наурыздың 13-інен бастап осы кезге дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған 961 адам анықталған, 99 науқас дерттен айығып, 10 адам қайтыс болды.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің елдегі коронавирус инфекциясының ахуалы туралы 13 сәуір, таңертеңгі сағат 9:00-дағы мәліметі.
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің елдегі коронавирус инфекциясының ахуалы туралы 13 сәуір, таңертеңгі сағат 9:00-дағы мәліметі.

10:25 13.4.2020

Дүйсенбі, 13 сәуір күні Польшадан Қазақстанға гуманитарлық көмек жетті деп хабарлайды Қазақстан сыртқы істер министрлігі.

Арнайы ұшақпен жеткізілген жүкте көп мәрте қолданылатын 100 мың дана медициналық маска, сонымен бірге Польшаның князь Любомирский қоры Қазақстанда қашықтан білім алатын оқушыларға жіберген ноутбуктер бар.

17 наурыздан бері Қазақстанға АҚШ, БАӘ, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония мен Түркиядан гуманитарлық көмек жіберген.

Бұған дейін сыртқы істер министрлігі шет мемлекеттерден Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсетуді сұраған болатын.

Алматыда қоғамдық орындарға дезинфекция жасап жүрген адамдар. Көрнекі сурет.
Алматыда қоғамдық орындарға дезинфекция жасап жүрген адамдар. Көрнекі сурет.

Тағы

XS
SM
MD
LG