Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

18:22 12.4.2020

Теңіз кенішіндегі жұмысшылар поселкасында карантин енгізілді

Бұл туралы төтенше жағдай жөніндегі шұғыл штаб өкілдері хабарлады. Штаб өкілдерінің айтуынша, карантин екі аптаға созылады, күн сайын жұмысшылар ауылына курьерлар азық-түлік жеткізеді. Поселкада екі дәрігер, фельдшер, бір санитар бар.

Бұған дейін Атырау облысы Жылыой ауданы Теңіз кенішіне қарасты жұмысшылар поселкасында он адамнан коронавирус табылғаны хабарланған еді.

Теңіз кеніші Атыраудан 340 шақырым жерде орналасқан. Мұнай-кенішін игеріп жатқан "Теңізшевройл" компаниясы Қазақстанда 1993 жылдан бері істейді. "Теңізшевройл" мұнай өңдеу концерніне Chevron (50 % акция), ExxonMobil Kazakhstan Ventures Inc (25%), қазақстандық "ҚазМұнайГаз" (20%) және LUKArco (5%) компаниясы кіреді.

19:39 12.4.2020

Алматыда - 15, БҚО-да 1 адамнан коронавирус табылды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 12 сәуір кешкі сағат 20:30-да 16 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Алматы қаласында - 15, Батыс Қазақстан облысында 1 адамға вирус жұққан.

Қазақстанда жалпы науқастар 927 адамға жетті:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 249
  • Алматы қаласы – 160
  • Қызылорда облысы – 117
  • Ақмола облысы – 71
  • Қарағанды облысы – 65
  • Түркістан облысы – 36
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 25
  • Ақтөбе облысы – 11
  • Алматы облысы – 12
  • Атырау облысы – 45
  • Шығыс Қазақстан облысы – 6
  • Жамбыл облысы – 46
  • Шымкент қаласы – 38
  • Батыс Қазақстан облысы – 9
  • Қостанай облысы – 3
  • Маңғыстау облысы – 10
  • Павлодар облысы – 10

10 науқас қайтыс болған. Барлығы 99 адам айыққан.

19:47 12.4.2020

Қазақстанда барлығы 99 адам коронавирустан айықты

Аурухана ауласы. Көрнекі сурет.
Аурухана ауласы. Көрнекі сурет.

Денсаулық сақтау министрлігі жексенбі, 12 сәуірде коронавирустан 13 адам жазылғанын хабарлады. Барлығы 99 адам айыққан.

Нұр-Сұлтанда - 37, Алматыда - 49, Жамбыл облысында - 3, Шымкентте - 2, Атырау облысында - 2, Павлодар облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1, Алматы облысында - 1, Солтүстік Қазақстан облысында - 1, Қарағанды облысында - 1, Батыс Қазақстан облысында 1 адам жазылған.

Бұған дейін дәрігерлер ауруханадан шыққан науқастардың үйде тағы 14 күн карантинде болатынын айтқан.

Елде барлығы 927 адамнан вирус табылған. 10 адам қайтыс болған. Сәуір айының басында Ақмола облысы Целиноград ауданы Аққайың ауылындағы қарттар үйінде коронавирустан 1947 жылғы ер адам көз жұмған. Дәрігерлер қарттар үйіндегі адамдар мен орталық қызметкерлерін тексерген кезде 35 адамнан коронавирус анықталған. 8 сәуірде мұнда 1929 жылы туған әйел адам коронавирустан қайтыс болды. Дәрігерлердің айтуынша, оған да 73 жастағы ер адамнан вирус жұққан.

Қарай отырыңыз: Қазақстанда коронавирустың тарау динамикасы (Гистограмма)

22:19 12.4.2020

Алматыда 15 медицина қызметкерінен коронавирус табылды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 12 сәуір түнде Алматыда 15 медицина қызметкерінен коронавирус табылғанын хабарлады. Олардың бірінің аяғы ауыр. Бұған дейін Алматы қаласының орталық клиникалық ауруханасында 12 медицина қызметкерінен коронавирус табылған еді.

"Екі күннің ішінде барлығы 27 медицина қызметкеріне вирус жұққаны анықталды. Олардың арасында дәрігер, орта және кіші санаттағы медицина қызметкері бар. Полисегментті пневмонияға байланысты екеуінің жағдайы - ауыр. Қалған қызметкерлердің жағдайы - бірқалыпты" делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігінің 10 сәуір күнгі дерегі бойынша, Қазақстанда 120 дәрігерге коронавирус жұққан. Олардың 67-іне вирус - науқастардан, қалғанына туысы мен таныстарынан жұққан.

Оқи отырыңыз: Денсаулық басқармасы орталық ауруханадағы дәрігерлерге вирус жұққанын растады

Соңғы мәлімет бойынша, Алматыда 160 адамнан коронавирус табылған. 49 адам жазылған. 2 адам қайтыс болған.

Тағы

XS
SM
MD
LG