Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

11:08 12.4.2020

Өзбекстанда коронавирустан төртінші науқас қайтыс болды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Өзбекстанда Сауд Арабиясынан оралған 59 жастағы әйел коронавирустан қайтыс болды.

25 наурызда әйелден коронавирус анықталып, инфекциялық ауруханаға жатқызылған. 31 наурызда жасанды аппаратпен тыныс ала бастаған. Денсаулық сақтау министрлігінің айтуынша, әйелде созылмалы аурулар болғандықтан жағдайы ауыр болған. 11 сәуірде кешке көз жұмған.

12 сәуір күнгі мәлімет бойынша, Өзбекстанда 767 адамнан коронавирус табылған. 42 адам айыққан, төрт адам қайтыс болған.

12:12 12.4.2020

Қазақстанда 17 адамнан коронавирус табылды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 12 сәуір түскі сағат 12:55-те 17 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтан қаласында - 2, Қарағанды облысында - 2, Ақмола облысында 10 адамға вирус жұққан.

Қазақстанда жалпы науқастар 897 адамға жетті:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 238
  • Алматы қаласы – 145
  • Қызылорда облысы – 116
  • Ақмола облысы – 71
  • Қарағанды облысы – 65
  • Түркістан облысы – 36
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 25
  • Ақтөбе облысы – 11
  • Алматы облысы – 11
  • Атырау облысы – 45
  • Шығыс Қазақстан облысы – 6
  • Жамбыл облысы – 46
  • Шымкент қаласы – 38
  • Батыс Қазақстан облысы – 8
  • Қостанай облысы – 3
  • Маңғыстау облысы – 10
  • Павлодар облысы – 9

10 науқас қайтыс болған. Барлығы 81 адам айыққан.

13:24 12.4.2020

Трамп АҚШ-тың барлық штатында апатты жағдай жариялады

АҚШ президенті Дональд Трамп.
АҚШ президенті Дональд Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирус індетіне байланысты АҚШ-тың 50 штатында апатты жағдай жариялау туралы құжатқа қол қойды. Бұл туралы Ақ үй хабарлады. АҚШ аумағында алғаш рет апатты жағдай жарияланып отыр.

Вирустан қайтыс болғандар саны жағынан АҚШ әлемде бірінші орында тұр. Мұнда 20,5 мыңнан астам адам көз жұмған. Нью-Йорк штаты індеттен қатты зардап шеккен (8,5 мыңнан астам адам қайтыс болған).

Соңғы мәлімет бойынша, АҚШ-та жарты миллион адамнан коронавирус табылған. Бұл әлемдік көрсеткіштің үштен бір бөлігін құрайды.

Індет басталғалы бері Италияда 19,5 мың адам қайтыс болған. 152 мыңнан астам адамға вирус жұққан. Әлем бойынша Испания үшінші орында тұр. Мұнда 16,5 мың адам коронавирустан көз жұмған. 163 мыңнан астам адамға вирус жұққан.

13:39 12.4.2020

Қазақстанда коронавирустан 86 адам айықты

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Денсаулық сақтау министрлігі 12 сәуірде Нұр-Сұлтанда - 3, Атырау облысында 2 адамның коронавирустан жазылып шыққанын хабарлады. Барлығы 86 адам жазылған.

Нұр-Сұлтанда - 37, Алматыда - 37, Жамбыл облысында - 3, Шымкентте - 2, Атырау облысында - 2, Павлодар облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1, Алматы облысында - 1, Солтүстік Қазақстан облысында - 1, Қарағанды облысында - 1 адам жазылған.

Бұған дейін дәрігерлер ауруханадан шыққан науқастардың үйде тағы 14 күн карантинде болатынын айтқан.

Елде барлығы 897 адамнан вирус табылған. 10 адам қайтыс болған. Сәуір айының басында Ақмола облысы Целиноград ауданы Аққайың ауылындағы қарттар үйінде коронавирустан 1947 жылғы ер адам көз жұмған. Дәрігерлер қарттар үйіндегі адамдар мен орталық қызметкерлерін тексерген кезде 35 адамнан коронавирус анықталған. 8 сәуірде мұнда 1929 жылы туған әйел адам коронавирустан қайтыс болды. Дәрігерлердің айтуынша, оған да 73 жастағы ер адамнан вирус жұққан.

Тағы

XS
SM
MD
LG