Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

22:13 11.4.2020

Қазақстанда алты адамнан коронавирус табылды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 11 сәуір түнгі сағат 23:00-де алты адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Алматы облысында - 1, Батыс Қазақстан облысында - 1, Қарағанды облысында - 1, Шымкент қаласында - 2, Түркістан облысында 1 адамға вирус жұққан.

Қазақстанда жалпы науқастар 865 адамға жетті:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 231
  • Алматы қаласы – 137
  • Қызылорда облысы – 116
  • Ақмола облысы – 61
  • Қарағанды облысы – 63
  • Түркістан облысы – 36
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 25
  • Ақтөбе облысы – 11
  • Алматы облысы – 11
  • Атырау облысы – 45
  • Шығыс Қазақстан облысы – 6
  • Жамбыл облысы – 46
  • Шымкент қаласы – 35
  • Батыс Қазақстан облысы – 7
  • Қостанай облысы – 3
  • Маңғыстау облысы – 9
  • Павлодар облысы – 9

10 науқас қайтыс болған. Барлығы 81 адам айыққан.

08:08 12.4.2020

Қазақстанда тағы 15 адамнан коронавирус табылды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 12 сәуір таңертеңгі сағат 9:00-де 15 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтан қаласында - 2, Алматы қаласында - 8, Маңғыстау облысында - 1, Шымкент қаласында - 3, Батыс Қазақстан облысында - 1 адамға вирус жұққан.

Қазақстанда жалпы науқастар 880 адамға жетті:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 233
  • Алматы қаласы – 145
  • Қызылорда облысы – 116
  • Ақмола облысы – 61
  • Қарағанды облысы – 63
  • Түркістан облысы – 36
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 25
  • Ақтөбе облысы – 11
  • Алматы облысы – 11
  • Атырау облысы – 45
  • Шығыс Қазақстан облысы – 6
  • Жамбыл облысы – 46
  • Шымкент қаласы – 38
  • Батыс Қазақстан облысы – 8
  • Қостанай облысы – 3
  • Маңғыстау облысы – 10
  • Павлодар облысы – 9

10 науқас қайтыс болған. Барлығы 81 адам айыққан.

09:47 12.4.2020

"Ақжайық": Атырауда дәрігерлер наразылығынан хабар таратпақ болған журналистер ұсталды

11 сәуірде Атырауда облыстық ауруханадағы дәрігерлердің наразылығынан хабар таратпақ болған республикалық КТК арнасының тілшілерін полиция аурухана ауласынан ұстап әкетті. Бұл туралы атыраулық "Ақжайық" басылымы хабарлады.

Басылымның жазуынша, КТК тілшісі Бекен Әлирахымов пен оның жанындағы оператор облыстық аурухана ауласында дәрігерлердің наразылығын түсіріп тұрған кезде полиция қызметкерлері келіп, оларды полиция учаскесіне алып кеткен.

Маска тағып, қорғаныш киім киген журналист пен оператор қолында редакция тапсырмасы, қажетті құжаттары болғанын айтқан.

"Бізді карантин жарияланған аурухана аумағында жұмыс істеді деп айыптап жатыр. Бірақ карантин жарияланды деп ресми түрде хабарланған жоқ. Бұйрықты тіпті дәрігерлердің өзі көрмеген. Ауруханаға өткізу пункті арқылы өттік, бізді ешкім тоқтатқан жоқ. Ештеңені ескертен жоқ. Ұстағаннан кейін полицей учаскесінде әкімшілік хаттама толтырып, содан соң мені Береке шағын ауданындағы карантинге жіберді, ал оператордың дене қызуы сәл көтерілгендіктен провизорлық орталыққа жіберді" деген Бекен Әлирахымов.

Сайттың жазуынша, облыстық аурухана дәрігерлері мен науқастар өздерін "жағдайы нашар, іші суық" Береке шағын ауданындағы тұрғын үй кешеніне көшіруге қарсы болған. Дәрігерлер ауруханада карантин жарияланғанын дұрыс түсіндірмегенін де айтқан.

Ал Атырау облыстық төтенше жағдай жөніндегі шұғыл штаб өкілдерінің айтуынша, Атырау облысының бас санитар дәрігерінің қаулысымен 3 сәуірде облыстық ауруханада карантин жарияланған. Штаб өкілдері журналистерді ''карантин режимін бұзды" деп айыптаған. Редакцияның екі қызметкерінің үстінен Әкімшілік кодекстің 476-бабы бойынша ("карантин режимін бұзу") хаттама толтырылған. Штаб өкілдері олардың карантиндік стационарда болатынын, ПЦР тестен өтетінін айтқан.

10:04 12.4.2020

Төтенше жағдай кезінде табысынан айрылған азаматтарға берілетін 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмекті алу бойынша өтініштің қандай кезеңге жеткенін онлайн арқылы тексеріп білуге болады деп хабарлады президенттің цифрлау және инновациялық технология бойынша кеңесшісі Бағдат Мусин Instagram-да.

Ресми органдар осы апта аяғында шамамен 600 мыңнан астам өтініштің қабылданғанын хабарлаған. Билік әлеуметтік көмекке өтінішті онлайн арқылы толтыру қажеттігін айтады.

Бірақ кейбір аймақта тұрғындар онлайн арқылы өтініш толтыруға мүмкіндігі жоғын айтып, "Қазпошта" бөлімшелеріне барып жатыр. Бұған дейін карантин жарияланған кейбір аймақтарда пошта бөлімшелерінің алдында ұзын-сонар кезек пайда болған.

Тағы

XS
SM
MD
LG