Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

22:48 13.4.2020

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар мыңнан асты

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 13 сәуір 23.40-та елде 112 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Олардың басым бөлігі Алматы қаласында – 99 адам. Қалғандары: Қарағанды облысында - 1 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 3 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақмола облысында - 2 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 1 адам, Атырау облысында - 3 адам.

13 сәуірде Қазақстанда 140 адамнан вирус анықталды. Бұрын елде бір күнде мұнша адамнан вирус табылмаған. Осылайша, Қазақстанда вирус жұқтырғандар мыңнан асты - 1091.

138 адам дерттен айықты. 12 адам қайтыс болды. Вирус жұқтырғандар саны бойынша Алматы алдыңғы қатарға шықты.

  • Алматы қаласы – 271
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 260
  • Қызылорда облысы – 119
  • Шымкент қаласы – 38
  • Ақмола облысы – 73
  • Ақтөбе облысы – 11
  • Алматы облысы – 22
  • Атырау облысы – 62
  • Шығыс Қазақстан облысы – 8
  • Жамбыл облысы – 46
  • Батыс Қазақстан облысы – 11
  • Қарағанды облысы – 77
  • Қостанай облысы – 3
  • Маңғыстау облысы – 10
  • Павлодар облысы – 10
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 26
  • Түркістан облысы – 44

09:10 14.4.2020

Әзербайжанда коронавирус өршігелі оннан астам оппозициялық белсенді тұтқындалған. Құқық қорғаушылар билік "карантин ережесін бұзды" деген сылтаумен қарсыластарын жазалап жатыр деп санайды. Бұл туралы Eurasianet басылымы жазды.

Әзербайжан Халық майданы партиясының төрағасы Әли Керимлидің Facebook-тегі парақшасында жарияланған демократиялық күштер ұлттық кеңесінің мәлімдемесінде кемінде 16 оппозициялық белсендінің "репрессиялық саясат құрсауына түскені" айтылған. Ұйымның ақпараты бойынша он адам наурызда, тағы алтауы сәуірде тұтқындалған.

Коронавирусқа байланысты елде карантин режимі күшейтілген: тұрғындар үйден биліктен СМС арқылы рұқсат алып қана шыға алады. Әзербайжанда ресми түрде төтенше жағдай жарияланған жоқ.

Құқық қорғаушылар елде карантин талабын орындамады деген желеумен белсенділерді қудалау жиілегенін айтады. Бұл туралы Amnesty International мәлімдемесінде де айтылған.

Human Rights Watch құқық қорғау ұйымының Еуропа пен Орталық Азия бойынша бөлімшесінің директоры Гиорги Гогия Twitter-парақшасына "Әзербайжан билігі COVID-19 вирусымен күресті өзін сынаушылардың үнін өшіруге пайдалануды доғаруы тиіс" деп жазды.

13 сәуірдегі ресми мәлімет бойынша, Әзербайжанда 1098 адам коронавирус жұқтырған, 11 науқас қайтыс болып, 250 адам дерттен жазылған.

Баку көшесіндегі азаматтың биліктен алған СМС-рұқсаты бар-жоғын тексеріп тұрған күш құрылымдары өкілдері. 6 сәуір 2020 жыл.
Баку көшесіндегі азаматтың биліктен алған СМС-рұқсаты бар-жоғын тексеріп тұрған күш құрылымдары өкілдері. 6 сәуір 2020 жыл.

09:23 14.4.2020

Қазақстанда коронавирустан тағы екі адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан мен Шымкентте коронавирус індентінен екі науқас көз жұмды. Бұл туралы 14 сәуірде Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Осылайша елде COVID-19 вирусынан қайтыс болғандар саны 14 адамға жетті:

Нұр-Сұлтан қаласы - 2

Алматы қаласы - 2,

Шымкент - 2

Ақмола облысы - 4

Шығыс Қазақстан облысы - 1

Қарағанды облысы - 1

Павлодар облысы - 1

Түркістан облысы - 1.

14 сәуір, сағат 10:25-те жарияланған ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырған 88 науқас анықталған. Алматыда 75 адамнан вирус белгісі табылған. Атырау облысы - 1, Нұр-Сұлтан - 4, Шымкент - 1, Қарағанды облысы - 1, Жамбыл облысы - 3, Түркістан облысы - 3.

Қазақстанда коронавирус 1179 адамға жұққан. 138 науқас дерттен айықты.

Жедел жәрдем көлігі. Көрнекі сурет.
Жедел жәрдем көлігі. Көрнекі сурет.

09:50 14.4.2020

Франция мамырда карантин шараларын тоқтата бастайды

Францияда коронавирусқа байланысты енгізілген карантин шаралары 11 мамырдан біртіндеп тоқтай бастайды, бірақ жаппай көпшілік шаралары шілденің ортасына дейін өтпейді. Елдің шекарасы әзірше жабық тұрады. Бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макронның коронавирус эпидемиясына байланысты ел азаматтарына жолдаған үшінші үндеуінде айтылған.

Макрон денсаулығына күмәнданатындардың барлығы коронавирус тестінен өте алатынын мәлімдеді. Францияның әр тұрғынына маска беріледі.

"Франция өзге де мемлекеттер секілді бұл эпидемияға дайын болмады" деп мойындады президент.

Сәуірдің 13-іне Францияда 4188 адамның COVID-19 жұқтырғаны (коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны - 136 779) және 574 адам өлгені (індеттен өлгендердің жалпы саны - 14 967) анықталған.

Франция президенті Эммануэль Макрон.
Франция президенті Эммануэль Макрон.

Тағы

XS
SM
MD
LG